Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 бөбекжай-бақшасы» МКҚК және баланың заңды өкілі арасындағы білім беру қызметтерін көрсету келісімшарты
Костанай қ «__»__________2020_ж.
МектепкедейінгіұйымныңЖарғысынегізіндеәрекетететін, бұданәрі "Мектепке дейінгі ұйым" деп аталатын
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 бөбекжай-бақшасы» МКҚК (мектепке дейінгі ұйымның атауы)атынан басшысы (мектепке дейінгі ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда) бір жағынан және екінші жағынан
_______________________________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)
Бұданәрі "Ата-ана" депаталатыната-анасының (баланыңзаңдытұлғаларының) біреуінің
_______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)(бұданәрі – Тараптар) арасындағы қарым-қатынасты анықтау және реттеу мақсатында төмендегілер туралы осы шарт жасалды:
1.Шарттыңмәні
- Осы шарт мектепке дейінгі білім беру ұйымымен баланың ата-анасы, өзге де заңды өкілдері арасында баланың мектепке дейінгі ұйымда болған кезеңінде тараптардың құқықтарымен міндеттерін, сондай-ақ, тәрбиеленушіні тәрбиелеумен оқытуға өзара жауапкершіліктетігін белгілей отырып, өзара қарым-қатынасты реттейді.
- Тараптардың құқықтары мен міндеттері
- Мектепке дейінгі ұйым:
1) мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Шартты сақтауға;
2)____________________________________________________
(білім басқармасының (бөлімінің) атауы)
берген №______________________________________________
(жолдаманың нөмірі және мерзімі)
Жолдаманың негізінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (бұдан әрі - Стандарт) айқындалған жас кезеңіне сәйкес баланы топқа қабылдауға;
3) баланың өмірімен денсаулығын сақтауды, физикалық, зияткерлік, тұлғалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14235 тіркелген), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеруді, сапалы мектепалды даярлықты, теңгерімді тамақтануды, мүлкін сақтауды (киімі, аяқ-киімі) қамтамасыз етуге;
4) баланың әрекетін оның жасына, жеке ерекшеліктеріне және қабілеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;
5) бескүндік, алтыкүндік (керегінсызу) – сағ 07.00-19.00 дейін мектепке дейінгі ұйымға бару кестесін жасауға;
6) карантин, бала сырқаттанған жағдайда, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделу, сауықтыру, түзету және оңалту кезінде (көрсетілім бойынша анықтама, қорытынды
7) баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-анаға консультациялық көмек көрсетуге;
8) баланы келесі топқа әр жылдың 1-30 тамыз аралығында көшіруге;
9) Мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қолданыстағы нормаларына сәйкес санитарлық ережелердің талаптарын сақтауға міндетті.
- Мектепке дейінгі ұйым құқылы:
1) балаға ата-ананың қалауы бойынша қосымша білім беру және сауықтыру қызметтерін ұсынуға (ақылы және ақысыз);
2) баланы мектепке дейінгі ұйымнан баланың тамақтануы үшін ай сайынғы төлемақы белгіленген мерзімде уақытылы төленбеген, бала бір айдан астам дәлелсіз себептермен және әкімшілікке ескертпей
келмеген; дәрігерлік консультациялық комиссияның анықтамасының негізінде баланың мектепке дейінгі ұйымға келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығаруға;
3) ата-анаға екі тараптың келісімі бойынша мектепке дейінгі ұйымда баланың тамақтануы үшін төлемді кейінге қалдыруға;
4) баланың ата-анасы немесе заңды өкілі алкагольді ішімдік ішіп келгенде, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған туыстарына баланы бермеуге;
5) ата-ана жүйелі түрде өз міндеттерін орындамаған кезде ата-ананы бұл жөнінде 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде ескертіп, мерзімінен бұрын осы шартты бұзуға;
6) өндірістік қажеттілік болған жағдайда топтарды қосуға.
- Ата-ана міндеттенеді:
1) мектепке дейінгі ұйым Жарғысы мен осы шарттыс ақтауға;
2) баланың тамақтануы үшін 100% мөлшерінде ағымдағы айға әр айдың 10-не дейін ақы төлеуге;
3) баланы тәрбиешіге жеке тапсыруға және одана луға;
4) жақын туысқандарына, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарға баланы мектепке дейінгі ұйымнан алуды тапсырмауға;
5) баланың болмауы туралы сағат 08:00-ге дейін мектепке дейінгі ұйымды уақытында хабардар етуге;
6)тұмау немесе жұқпалы аурулардың белгілері бар баланы басқа тәрбиеленушілер арасында таратпау үшін мектепке дейінгі ұйымға әкелмеуге;
7) мектепке дейінгі ұйымды себепсіз қалдыруды болдырмауға. Бала сырқаттанып қалған жағдайда емдеушідәрігер берген медициналық анықтама әкелуге, сондай-ақ бала үш күннен астам уақыт болмаған жағдайда Санитарлық ереженің 134-тармағына сәйкес денсаулығы туралы анықтама әкелуге;
8) мектепке дейінгі ұйымның қызметкерлеріне құрметпен қарауға;
9) тәрбие мен оқытудың барлық мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйыммен өзара іс-қимылжасауға міндетті.
- Ата-ана құқылы:
1) балалармен жүргізілетін жұмысты жақсарту бойынша және қосымша қызмет түрлерін ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасауға;
2) мектепке дейінгі ұйымда баланың бейімделу кезеңінде белгілі біруақыт ішінде екі тараптың келісуімен мектепке дейінгі ұйымда болуға;
3) екі тараптың келісімі бойынша баланың тамақтануы үшін төлемді белгіленген мерзімінен 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейінге қалдыруға;
4) Мектепке дейінгі ұйым Жарғысының және осы шартталаптарының орындалуын талап етуге;
5) алдын ала мектепке дейінгі ұйымды 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта ескертіп, осы шартты біржақты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
- Білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері және төлеу тәртібі
- Әр-айдын 10-на дейін баланың тамақтануы үшін 100% мөлшерінде ата-аналарымен төленуге тиісті. Бала дәлелді себептермен (сырқаттану, демалыс (ата-ананыңөтініші), ауыру, емделу, сауықтыру, түзетумен бейімделу (көрсетілім бойынша анықтама ұсынған жағдайда) мектепке дейінгі ұйымға төлем жасалынған ағымдағы айда келмеген жағдайда, нақты шыққан күндеріне қайта есептеу келесі айдың басында жүргізіледі және төлем туралы түбіртекке енгізіледі.
- Тараптардыңжауапкершілігі
- Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
- Даулардышешутәртібі
- Осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді.
- Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
- Форс-мажор
- Сутасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезіндеТараптардың жауапкершілігі басталмайды.
- Билік пен басқару органдарының Тараптардың тым болмаса біреуінің осы шарт міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауында Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде танылады.
- Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлармен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.
- Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
- Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.
- Шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу оған қосымша түрінде ресімделеді.
- Шарттың әрекет ету мерзімі қол қойылған сәттен бастап мектепке дейінгі ұйымнан шығарылғанға дейін.
- Осы шарт әр Тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Тараптардың мекен-жайы және қолы:
Мектепке дейінгі ұйым
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің №15 бөбекжай-бақшасы» МКҚК
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
Мекен-жайы :
Мектепке дейінгі ұйым басшысы:
Қолы______________________
Мөр (мемлекеттік ұйымдарға), (жеке меншік
ұйымдарға – болған жағдайда)
Ата-ана: ___________________________
(тегі, аты, әкесініңаты, (болған жағдайда)
Мекен-жайы:_____________________________
Төлқұжатдеректері:
Жұмыс орны: ___________________________
Лауазымы: ______________________________
Байланыс деректері ______________________
Қолы