Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№15 бөбекжайы» КМҚК
0
№15 бөбекжай-бақшадағы патриоттық тәрбие

№ 15 бөбекжай-бақшасында  Ұлы Жеңісті мерекелеуге арналған іс-шара өтті. Мақсаты -балаларды Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан халқының ерліктерімен таныстыру үшін жағдай жасау, мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік-патриоттық сезімдерін нығайту, әртүрлі қызмет түрлері арқылы Ұлы Отан соғысы туралы білімді қалыптастыру болды.

Осы күнге орайластырылған іс-шаралар кешені әзірленді.

  • «Біз-батыр ұрпақпыз» жобалар байқауы, онда ата-аналар тәрбиеленушілермен бірге ұрыс даласында және тылда Жеңіске жеткен аталарының ерліктерімен бөліседі.

«9 мамыр-Жеңіс күні» тақырыбы бойынша педагогтың балалармен бірлескен және жеке қызметі. «Көз жасымен мереке!», «Ұлы Отан соғысы туралы» атты сабақтар мен әңгімелер өткізілді, «9 мамыр – Жеңіс күні»фотосуреттері көрсетілді.

  • «Балаларғасоғыстуралыоқимыз"акциясы.Акцияға 55-тен астам

тәрбиеленуші қатысты. Балаларға соғыс туралы шығармалар оқылды.Жеңіс  күніне  арналған  «Біз есте сақтаймыз! Біз мақтан тұтамыз!» атты музыкалық композициясы   даярланып  өткізілді.

Балабақша тәрбиеленушілері сахнаға шығып: демалуын, жараланғандарға медициналық көмек көрсетілуін, туған-туыстарына хат жазуын, түскі ас дайындауын  көрсете білді.

Бұл композиция бір уақытта соғыстан аман қалған адамдардың шыдамдылығы, төзімділігі, батылдығы үшін қуаныш пен мақтаныш сезімін бейнелеген және сонымен бірге сол соғыстың көптеген құрбандары үшін үлкен қайғы-қасірет әкелгендігін  көрсетті.

Балабақша педагогтары сол кезде тәрбиеленушілерді баурап алды. Жеңімпаздар ұрпағының алдындағы біздің парызымыз-соғыс туралы тарихи естелікті сақтау, бірде-бір қаза тапқан сарбазды ұмытпай, тірі соғыс  ардагерлеріне, соғыс балаларына көрсеткен ерлігі үшін құрмет көрсету.